Таразда айтыскерлер мен термешілер орталығы ашылды

Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды.

Онда әр бағыт бойынша арнайы кабинеттер мен жас айтыскерлер клубы орналасқан. Сонымен қатар, аудио жазба студиясы іске қосылмақ. Орталықта майталман ақындар мектеп оқушыларының талантын ұштаса, жыршылар жас дарындарды терме мен дәстүрлі ән өнеріне машықтайды. Алдағы уақытта төл өнер бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыспақ. Айтыс жинақтары мен термешілік өнерге байланысты нұсқаулықтар шығару жоспарланып отыр.

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бабалардан аманат болған байтақ ұлттық өнеріміз: ол айтыс өнері, ол жыршылық өнері, ол термешілік өнері, ол дәстүрлі ән өнері. Осылардың барлығына да баулитын төр болад ыдеп ойлаймын. Алдағы уақытта біз жұмыс жүргізетін боламыз. Басқа өңірлерге де осы Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып осының әрі қарай жалғасын табуын басқа өңірлерде де ашылуын сұрайтын боламыз.