Маңғыстау өңіріне қоқиқаздар ұшып келді

Маңғыстау облысындағы Қаракөл қызғылт түске боянды.

Өңірге қоқиқаздар ұшып келді. Су қоймасы жыл құстары қонатын сүйікті орынға айналған. Құстар көктем мен күз мезгіліндегі қоныс аудару кезінде әлденіп алу үшін қонады. Көлде қоқиқаздарға азық мол. Қарақия-Қаракөл қорықшасы сирек кездесетін жан-жануар мен құстарды қорғайтын орын. Су айдынында қанаттылардың жүзден астам түрі кездеседі. Олардың 20-ы «Қызыл кітапқа» енген.

Жалғас Ұстадов, «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығының бөлім басшысы:

- Бұлар мыңға жуық болып келеді. Енді қазір 700-800 жобасында келді. Ал енді кей кездері бізге 5 мыңға дейін топтар келеді. Маңғыстаудың ғажайып құстары, ғажайыбы деп айтуға болады. Келсе бүкіл халық та біз де қуанамыз. Соны қорғауға, үркітпеуге тырысамыз.