Жер сілкінісінен кейін үйлердің қабырғасы сөгілді

Алматыдағы көпқабатты үйлердің кейбірінің қабырғалары сөгілді, деп хабарлайды 24KZ.

Жер сілкінісінен кейін үйдің сырты мен пәтер ішінде үлкен жарық пайда болған. Тұрғындар тұрғын үй қасбетінде пайда болған жарықшақтың бейнесін әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.