Алматыда барлық жолайрық тексеріліп жатыр

Алматыда барлық жолайрық тексеріліп жатыр

Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы барлық жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдері тексеріліп жатыр.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқарма хабарлады. Мамандар 36 жол айрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне визуалды тексерулер жүргізген. Оларға ешқандай зақым келмеген. Көпірлер мен өткелдерді, егжей - тегжейлі зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.