Алматы халқына табиғи апатты хабарлаудың жаңа жүйесі іске қосылады

Мамырда алматылықтарды табиғи апат туралы ақпараттандырудың жаңа жүйесі іске қосылады. 

Ол үшін қазынадан 475 млн теңге бөлінген. Бұл жайлы Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Ол "Жаңа жүйе жедел әрі жаппай ақпарат таратуға мүмкіндік береді",- деді. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов кешегі жер сілкінісі кезінде жүргізілген жұмыстар жайын баяндады. Айтуынша, жедел топ құрылып, зілзаладан зардап шеккен азаматтарды қабылдау үшін 384 пункт ұйымдастырылған. Оны 3 мыңға жуық адам паналады. Сондай-ақ төтенше жағдай уақытында жедел желі қызмет еткен. Қазір жергілікті әкімдіктер ғимараттарға қаншалықты зиян келгенін анықтауда. Жиын соңында Премьер-министр жауаптыларға, сел және лай көшкіні жүру қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.