Көкшетауда аналар үшін театрға билет тегін

Көкшетауда аналар үшін театрға билет тегін

Анаңызды театрға шақырыңыз! Көкшетауда осындай атаумен ерекше акция өтіп жатыр.

Облыстық орыс драма театры бастамашы болған шарада кез келген көрермен театрға бір билет алса, екінші билет анасына тегін беріледі. Осылайша тұрғындар 8 наурызға орайластырылған бірнеше қойылымды көре алады. Акция бір ай бойы жалғасады.

Гүлайым Ағыбаева, қала тұрғыны:

- Маған бұл ашықхатты ұлым сыйлады. Өте қуаныштымын. Бұл акцияның мәні зор. Бұл балаларымыздың бізге деген зор махаббатын көрсетеді.

Бейбіт Бақтыгереев, Облыстық орыс драма театрының директоры:

- «Анаңды театрға шақыр» акциясын біз былтардан бастағанбыз. Биыл оны бір жүйеге келтіріп, открытка түрінде ыңғайлы етіп жасадық. Адамның ең жақын жаны ол әрине анасы. Сондықтан бұл өте жақсы сыйлық болады деп ойлаймын. Өйткені біздің театр көрермендерге рухани байлық беретін, жақсы демалыс орны деп есептеймін.