Екібастұзды жылумен жабдықтау жүйесі жалғасады

Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Әрі Үкімет тарапынан толықтай қолдау көрсетілетінін айтты. Бүгінде қаладағы 10 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Стансы көрсетілген параметрлерге сәйкес қалыпты қуатында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 4 жылу магистралі мен орамішілік желілер де жөнделді. Қазірде Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесіне техникалық аудит жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін барлық магистральды желілерді цифрландыру аяқталады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Былтыр Республикадан да, осы ТЭЦ иелері есебінен де қомақты қаржы бөлінген болатын. Соның арқасында біз жөндеуден өткіздік. ТЭЦ-ті де, желілерді де қаладағы. Сондықтан биыл тағы да республикадан да, жергілікті бюджеттен де қолдау көрсетеміз. Бар резервтерді жұмылдыруымыз керек. Әлбетте қолдаймыз. Ешкім жылусыз қалмайды.