Тараздың дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектер марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген 40 қыз-келіншек марапатталды.

Олардың қатарында этномәдени бірлестік, үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау, білім, спорт және мәдениет пен денсаулық саласының өкілдері бар. Қала әкімі Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстап, сый-сияпат жасады. Жалпы Тараз қаласындағы 430 мың тұрғынның 52 проценттен астамы әйелдер қауымы. Бүгінде олар сан-салада жемісті қызмет етіп жүр. Солардың бірі Айнұр Кененбаева. Көп балалы ана 19 жылдан бері құқық қорғау саласында жұмыс істейді.

Айнұр Кененбаева, Тараз қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

-Жетістікке жеткен көп аналарымыз бар, қыздарымыз бар. Соны көріп айтуға болады мына әйел баласының мемлекеттің қызметтерін атқарғанда маңызы зор екені байқалады. Бүкіл Қазақстан Республикасының аналарын қыздарын 8 наурыз Халықаралық мерекесімен құттықтаймын.