ШҚО-да мұз жару жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы Оба өзенінде 10 мың текше метрден астам мұз жарылды.

Су арнасын аршу жұмыстары бірінші кезекте кептеліс болуы ықтимал тұста жүргізілген. Санаулы күн ішінде сең қозғалуы мүмкін. Себебі апта соңында ауа райы 8 градусқа дейін жылиды. Сондықтан уақыт тығыз. Су тасқынының алдын алу үшін 180 шақырым арықты аршып, 800-ге жуық көпір мен өткел асты тазартылды. Елді мекендерден 170 мың текше метр қар шығарылды. Алайда синоптиктер наурыз айының ортасында тағы да қалың қар жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Дина Бексұлтанова, облыстық ТЖД басқарма бастығының м.а.:

- Бұл жарылыс жұмыстарының негізгі мақсаты - мұз кептелістерін болдырмау. Осындай мұз жару жұмыстары біздің облыс бойынша 5 ауданда, 19 учаскеде жүргізілуде.