БҚО-да бірқатар нәзік жандыларға Президенттің алғыс хаты табысталды

Батыс Қазақстан облысының жиырмадан астам қыз-келіншегі түрлі марапатқа ие болды.

Арасында дәрігерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, спортшылар, қоғам қайраткерлері мен  кәсіпкерлер бар. Сонымен қатар алты әйелге Мемлекет басшысының алғыс хаты табысталды. Оның бірі танымал ақын, тағы бірі елімізге еңбегі сіңген ұстаз. Мемлекеттік қызметкер мен бизнес өкілдері де бар.

Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:

- Қазіргі таңда мемлекеттік кызметте гендерлік құрамы жылдан жылға өзгеруде. Облысызда 3514 мемлекеттік қызметшілер жұмыс атқарады, оның 58 пайызы қыз балалар мен әйел адамдар. Олар үлкен жауапкершілік танытып, халыққа адал еңбек етуде. Қазіргі таңда басшылық лауазымында 5 басқарма мен 1 ауданда әйел азаматшалар қызмет атқаруда. 

Әлия Мұханбетжанова, Теректі ауданының әкімі:

- Мен 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келемін. Қазір Теректі ауданының әкімімін. Бүгін Мемлекет Басшының алғыс хатын алдым. Әрине, күтпеген сый болды. Еңбектің бағаланғанына қуаныштымын.