Әлемді мейірім құтқарады

«Әлемді мейірім құтқарады». Алматыдағы №8 мектеп-гимназиясының директоры Ардақ Смағұлованың жер сілкінісінен қорқып қалған оқушыны жұбатқан әрекеті осы сөздің мағынасын ашып бергендей. 

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен бейне роликті әп сәтте миллионға жуық адам көрген. Ұстаздың әрекетіне сүйсінгендер жылы пікірін де аямапты. №8 мектеп-гимназия директоры Ардақ Смағұлова «кездейсоқ түсірілген бұл бейнероликтің тарап кеткенін келесі күні бір-ақ білдік», - дейді. Ал 4 наурызда болған жер сілкінісі кезінде сыртқа шығарған балалардың арасында қорқыныштан жылағандары болыпты.

Ардақ Смағұлова, №8 мектеп-гимназия директоры:

- Үлкен сыныптың 2-3 қызы жылап тұрды. 000343 Кейбір балалардың қорқыныштары көзінен көрініп тұрды. Содан кейін кішкене разрядка берейін деп, мен билей бастадым. Сол моментте, сол билегеніміз, директордың билегені мүмкін балалардың көңілдерін орнына түсірді. Олар күле бастады, билей бастады.

Мектепке кірген соң, Ардақ апай асханада көзі жәудіреп отырған Ерасылды көреді. Алдына алған тамағын іша алмай, жыламсыраған бүлдіршінді басынан сипап, құшағына қысып, жұбатады. 

Ардақ Смағұлова, №8 мектеп-гимназия директоры:

- Қарасам, бала кішкене құлағын жауып отырды, біртүрлі өзін сезінген сияқты, содан кейін қарап отырдым да ол балаға ойладым, көмек керек сияқты. Кішкентай оқушы ғой, қорыққаны көрініп тұр. Қасына барып отырдым. Содан кейін что случилось деп едім «я очень испугался» деді.

Бейнероликтегі бала Ерасыл Құдайбергенов екінші сыныпта оқиды. Анасына өз қолымен ашықхат жасаған ол, мерекелік өлең шумағын жаттап алыпты.

Ерасыл Құдайбергенов, 2 сынып оқушысы:

Март это песня,

Март это сказка

Март это сплош

Чудеса и весна.

Ардақ Рахымғалиқызының бейнероликтегі әрекеті біз үшін таңсық емес, - дейді әріптестері. «Ұстаз болу  – үлкен жүрек иесі болу» дегенді ұстанатын Ардақ апай, әрдайым айналасына үлгі болып жүреді.

Қанымай Басбақова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Орнынан ұшып тұрып, баланың қасына барып, мейірімін төгіп, баланы жұбатып, ол деген әр бастықтың қолынан келмейді. Оның бәрі балажан екенін көрсетеді.

Ардақ Смағұлова 40 жылдан бері ұстаздық етіп келеді. Алғаш рет мектеп табалдырығын аға-вожатый болып аттаған ол, химия пәнінен сабақ беріп, басшылық қызметке дейін өсті. «Ұстаздық жолды таңдауыма анамның әсері болды», - дейді тәжірибелі ұстаз.

Ардақ Смағұлова, №8 мектеп-гимназия директоры:

- Ол кісіден маған дарыған мұғалім болу. Неге дейсіздер ғой. Кішкентай кезімнен ол кісі шаршап келеді, екі үш пачка дәптерін арқалап, сонда кешке қасында отырып дәптерлерді тексеретінмін. Бес деген бағаға  төрт деген бағаға үш деген бағаға үш дәптерді тексеріп береді. Сол дәптерге қарап, мен тексеріп беремін, қарындашпен жазамын, содан кейін ол кісі отырып тексеретін. Сөйтіп өскен баламын кезінде.

«Ұстаздың қызметі қай кезде де жеңіл болмаған», - дейді Ардақ апай. Қазір де оңай емес. Ұстаз – тұлға қалыптастырады. Бұл салмағы ауыр міндет. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Кенже Амраев