Түркістанда «Зорлық - зомбылықсыз қоғам» форумы өтті

Көктем мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты «Зорлық - зомбылықсыз қоғам» атты форум өткізді. 

Форумға қатысушылар әйел құқығын қорғау, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Отбасындағы жанжал, жауапсыз ата-аналар, қорғансыз балалардың мүкіл хәлі назардан тыс қалмады. Жалпы Түркістан облысында 400 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 183 мыңы көпбалалы отбасылар. «Мемлекет басшысы да әрдайым әйелдің қоғамдағы мәртебесіне айрықша мән беріп келеді. Себебі ұрпақты өсіретін де, қоғамды тәрбиелейтін де – ана»,- дейді нәзікжандылар. Жиын соңында әйелдер партия өкілі, Қалыйма Жантөрееваның «Қошқаратадағы қыз» эссесі негізінде түсірілген тақырыптық қысқаметражды фильмді тамашалады.    

Қалыйма Жантөреева, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі:

- Әділетті қоғам жасау үшін, мықты қоғам жасау үшін, экономикасы өскен, өркениетті ел жасау үшін, бірінші қоғамның тұрақтылығын жөндеп алу керек. Ол тұрақтылық –зорлық-зомбылықсыз қоғам. Әйел зорлық көрмеу керек, бала зорлық көрмеу керек. Құқықтарының теңдігі сақталу керек. Бүгінгі тема өте бір ашылды деп ойлаймын.