Бірқатар өңірде құбылмалы ауа райы сақталады

Еліміздің бірқатар өңірінде бүгін де құбылмалы ауа райы сақталады.

Қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Солтүстікте сырғыма жүріп, желдің екпіні 20 метрге дейін жетеді. Түркістан облысында жаңбыр жауады. Батыста тұман,көктайғақ болады. Жер тоңы жібімей жатып күн күрт жылығандықтан, қар тез еріп, елді мекендерді және республикалық автожолдарды су басу қаупі бар. Сондықтан сақтық шараларын сақтау маңызды, – дейді мамандар.