ШҚО-дағы ауыл арақ пен темекіден түбегейлі бас тартқан

Ішімдік те, темекі де сатылмайды.

Шығыс Қазақстанда ащы су мен шылымнан түбегейлі бас тартқан жұрт көбейіп келеді. Мәселен, Ұлан ауданындағы Жанұзақ ауылы салауатты өмір салтын сақтаудың  үлгісіне айналды. Нәтижесінде елді мекенде соңғы 7 жылда бірде-бір тәртіп бұзушылық тіркелмеген. Сананы улайтын зиянды өнімдер сатылмайтын ауыл тұрғындарымен тілшіміз Эльмира Ахметова кездесті.

Ішімдіктен мүлдем бас тартқан Жанұзақ ауылы осы. Мұнда 300-ге тарта адам тұрады. Спиртті өнім сатылмағанына 7 жыл бопты. Ауылға келе сала алдымен дүкенге кіріп, жасырын түсірілім жасап, біз де бұған көз жеткізіп көрдік.

- Дастарханға қоятын қандай заттар бар, бар ма ішімдік вино сияқты. Жоқ жоқ арақ темекі сатпаймын ғой. 

Сөреде расымен де ащы су жоқ. Сатушы Зиянат Сабырова бастапқыда ішімдік саудалағаным рас дейді. Алайда оның жас ұрпаққа қаншалықты залал тигізіп жатқанын көріп, бас тартуды жөн санапты. Ауыл ақсақалдары да бұл бастаманы қолдай кеткен. 

Зинаят Сабырова, сатушы:

- Арақ атадан қалған ас емес. Сондықтан жалпы зиянды нәрселер темекі энергетик деген пәлелер ді осы кезде сатпаймын. Арақтың лицензиясы бұрын болған. Алу өте күш болған әрең жүріп алғам, тапсырған оңай екен. Апарып, өтінім жазып тапсырып тастадым. 

Жанұзақта тәртіп бұзушылық деген атымен жоқ. Арақ-шарап сөреден алынғалы отбасылық жанжал, бұзақылық сап тиылған. 

Бақытжан Өтеулов, учаскелік полиция инспекторы:

- Бүгінгі күнге дейін 2017 жетінші жылдан бастап аталған ауылда ешқандай құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазір аталған ауылда округте криминогендік жағдай тұрақты. 

Есесіне жанұзақтық жастар өнерге, ғылымға ден қойған. Білім, спорт сайысында топ жарғандар көп. «Есепте тұрған отбасы»- дегеннің не кенін білмейді. Қарттар да кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсетуден жалықпайды. Әсіресе скандинавиялық жүріс түрімен айналысатын әжелер көпшіліктің ықыласына бөленген. 

Нұрзада Байжүменова, Жанұзақ ауылының тұрғыны:

- Біздің ауылымыз өзі бір  отбасы секілді. Бәрі тату тәтті. Спортқа көңіл бөліп жатырмыз. Спорт площадкамыз бар. Ана жерде балаларға арналған алаң да бар. Коньки тебетін, хоккей бізде бар.

Жанұзақ тұрғындары көпке үлгі болды.Осыдан соң Тарбағатайдағы Байтоғас, Марқакөлдегі Теректі, Қатонқарағайдағы Көкбастау елді мекендері ішімдік сатуды тоқтатты. Ал жалпы ел бойынша мұндай 97 ауыл бар. Бұл қылмыс көрсеткішінің азаюына сеп. Өйткені бұзақылық пен тәртіп бұзушылық әрекеттің бәрі көп жағдайда ішімдік ішкеннен болатыны айдай ақиқат.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов