Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы қашан өтеді?

Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот отырысы 27 наурыз күні алқабилердің қатысуымен өтеді.

Сотталушыны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сақталады-деді судья Айжан Құлбаева. Сондай-ақ судья алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидат шақыруды талап етті. Бүгін Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министріне қатысты алдын ала тыңдау аяқталды. Прокурор Айжан Аймағанова аса қатыгездікпен адам өлтіру, материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық азап көрсетті деп айып тақты.  Бишімбаевтың әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталануы байқалады-деді. Экс шенеунікпен бірге оның немере інісі, Бақытжан Байжанов та "Аса ауыр қылмысты жасыру және қылмыстың болғанын хабарламау бабы бойынша" айыпталып жатыр. Айта кетейік, бұл оқиға қоғамда үлке резонанс тудырды. Қазір Парламентте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Құжат Президенттің былтыр күзде жариялаған Жолдауын жүзеге асыру аясында әзірленді.