Алматыда тау етегіндегі тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Алматыда тау баурайына заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Мечта» тұрғын үй кешенін салу барысында бірқатар заңбұзушылыққа жол берілген. Нақтырақ айтсақ, рұқсат құжаттары жоқ және бүкіл нысан бойынша жобадан ауытқулар бар. Сонымен қатар жер телімінің мақсаты да сақталмаған. Мұнда тек жеке тұрғын үй салуға рұқсат берілген. Алайда кәсіпкер қала тұрғындарына жалған мәлімет бере отырып, пәтерлерді сатуды жоспарлаған. 2023 жылы шілдеде Алматы қалалық соты нысанды бұзуға шешім шығарады. 2024 жылы 30 қаңтарда Жоғарғы сот Алматы қалалық сотының объектіні бұзу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.