Қонаевтағы дәмханалар Наурыз мерекесіне жеңілдік ұйымдастырды

Қонаев қаласындағы дәмханалар мен сауда орындары Әз-Наурыз мерекесіне орай жеңілдіктер науқанын ұйымдастырды.

Олар келушілерге қазақтың ұлттық тағамдарын арзан бағамен ұсынып, наурыз көжені тегін беріп жатыр. Аталған іс-шараға қаладағы он шақты мейрамхана мен ірі сауда орындары түгел атсалысады. Бірінде арнайы ас әзірленсе, енді бірі тұрғындарға қажетті тауарларды 20-30 пайызға арзандатылған бағамен сатты. Бұл акция 25 наурызға дейін жалғасады. Наурыз мерекесі Қонаевта дәстүр бойынша 10 күн аталып өтеді.

Арайлым Жұмабекқызы, дәмхана әкімгері:

- Бізде Наурыз мейрамына ұлттық тағамдар кіреді ішіне. Қуырдақ, бауырсақ, шай, чайная тарелка болады. Чайная тарелкаға, яғни, ұлттық ірімшік, құрт және жент болады ішінде. Наурыз айында біз наурыз көже береміз қонақтарымызға. Олар жақсы қабылдап жатыр. 

Қанат Дүтбаев, қала тұрғыны:

- Ұлттық тағамдар ұсынып жатыр, өте дәмді. Жақсы дәстүр деп ойлаймын. Себебі қазір міне Наурыз мерекесі келе жатыр - өзіміздің негізгі мереке. Соған жақын енді осындай іс-шараларды өткізгеніне өте ризамын.