Наурыз – жыл басы

Ұлыстың ұлы күні - түркі халықтарына ортақ төл мереке.

Күн мен түн теңеліп, жердің тоңы жібитін шақ. Табиғат ана босанып, тіршілік біткенге нәр енетін сәт. Сол себепті де ежелгі жыл санауда наурыз айы жылдың бастауы деп есептелген.

Серік Ерғали, мәдениеттанушы:

- 14 Наурыз бұл әуелден ұлыстың ұлы күні. Бұны Шәкәрім Құдайбергенұлы баласына айтып кеткен, жазып кеткен, Ахат деген баласы жазады естелігінде. Көрісу - жаңа жылмен бірін бірі құттықтау. Бір біріне шуағын беру, бөлісу көудесіндегі. Сезімін бөлісу, содан басталады, әуелі көкіректен басталады. Сондықтан  көрісу күні емес, жыл басы, мүшелдік жыл басы, ұлыстың ұлы күні деп мәртебе беру керек. Оны демалыс қылу керек.

Я, парсы тілінен наурыз сөзі жаңа күн деп аударылады. Яғни, алғашқы буын "но" - жаңа, кейінгі - "роуз" - күн деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ наурыз айы кешірім айы деп те аталады. Мереке араздасып жүргендер табысып, айыптылар кешірілетін кез. Тіпті, жаукершілік уақытта да екі тарап бітімге келетін сәт болған. 

Баянғали Әлімжанов, жазушы:

- Мына жер, көк, табиғат қар-мұз еріп,  ызғар кетеді ғой. Сол кезде адамның жаны да жаңғырады. Адамның жан дүниесіндегі ызғар еріп, жібіп, олда кетеді. Нұрланады адамның жаны. Бұрыңғы өкпе-наз, реніш болса, қастық болса да, мынау эмоционалдық қоқыстар адамның реніші соның бәрі тазарады. Адамдардың көбісі қауышып, бірін бірі кешіреді.

мерекенің басты нышанының бірі - наурыз көже. Атауы әр ұлтта ұқсас болғанымен, дайындау әдісі мен құрамы сан түрлі.

Баянғали Әлімжанов, жазушы:

- Барлық ұлттың тілегі, наурыз көже секілді, бір арнаға құйылсын. Адамзаттың  жемісі ұрпағына бұйырсын. Міне осы қарапайым тілек, кейде біз күлетінбіз көп ұлттың тілегі де осы наурыз көже сияқты бәрінен жиналып келіп, құйылып жататын. Бұл жаңа жылдағы бақыт, бейбітшілік, тыныштық тілеу деп есептеймін. 

Тіні тереңнен тараған мереке 3 мың жыл бұрын тойлана бастады деген дерек бар. Наурыз ұғымы алғаш «Авеста» кітабында айтылады. Онда Новруз мерекесі туралы  өз етілген. Сол уақыттағы адамдар әр көктемде жердегі тіршілік жаңадан пайда болады деп сеніп, атап өткен екен. Бұл шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 550-330 жылдардың шамасын. Содан бері мазмұны да түрленіп келеді. Қазір бұл мейрам  барша халықтың мәдениетінің бітеқайнасқан көрінісі.

Шернияз Жалғасбекұлы