Бишімбаевтың ісі: Сенат төрағасының пікірі

«Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот әділ шешім қабылдайтынына күмәнім жоқ. Дүйім жұртты дүрліктірген іс бойынша құзырлы орган обьективті түрде үкім шығаруы тиіс». Сенат төрағасы журналистердің сауалына осылай деп жауап берді.

Мәулен Әшімбаевтың пікірінше, Сот пен Жоғарғы Сот басшылығы халықтың алдындағы жауапкершілігін жете түсінеді. Қазір барлығы да процестің объективті, әділ және заңды өтуіне мүдделі.

Сондай-ақ Сенат төрағасы қоғам әйелдерді озбырлардан қорғауды талап ететінін атап өтті. Заң мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары ахуалды түзеуге септігін тигізеді, – деді.