Өскеменде сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

Өскемендік студенттер жер сілкінгенде әрекет ету алгоритмін пысықтады.

Жоғары оқу орындардың бірінде сейсмикалық жаттығу өтті. Оған 2 мыңнан астам адам қатысты. Студенттер мен мұғалімдер дабыл соғылған сәтте қай жерге тығылып, қандай жерге жақындамау керегін үйренді. Табиғи сипатта төтенше жағдай болғанда мейлінше сабыр сақтап, қауіпсіздік талабын сақтаудың маңызы зор, дейді құтқарушылар. Жалпы соңғы бір жарым айда облыста 20 мың адамды қамтыған мыңнан астам сейсмо-жаттығу ұйымдастырылды.

Алмас Байжуминов, ШҚО ТЖД басқарма аға офицері:

- Оқу-жаттығуды жиі өткіземіз. Себебі пайдасы көп. Байқауымызша жер сілкінгенде сасқалақтап, не істерін білмей абыржып қалатындар көп. Демек дайындықты әлі де пысықтау керек.