ҚХА ХХХІІІ сессиясы өтеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-ші сессиясы шақырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Жиын елордада сәуірдің 24-і мен 25-і күндері өтеді.  Биылғы тақырып – «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу». Мемлекет басшысы арнайы өкімге қол қойды. Онда Үкіметке де сессияны ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.