ШҚО-да зерделі қариялар сайысы өтті

Ел шығысында ең білімді әжелер мен ақсақалдар сайысты, деп хабарлайды 24KZ.

Тарбағатайдың түкпір-түкпірінен жиналған 130 қария 13 ауылдың намысы үшін зияткерлік ойында бас қосты. Әр топ туған өлкесі үшін барын салды. 5 кезеңнен тұратын ойында салт-дәстүр, ырым-тыйым жайлы көнені қозғаған сан түрлі сұрақ қойылды. Ал ойлануға 15 секунд берілді. Білім бәйгесінде «Жетіарал» ауылының қариялары бас жүлдені жеңіп алды. Шекара шебіндегі ағайынды бұл кездесу ерекше серпілтіп тастады.

Орынжамал Исанова, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Шекара маңындағы Жаңаталап ауылына келіп отырмыз. Өте бір сәтті, қызықты, салт-дәстүріміз көрсетілген бұл аймақта ұрпақтар сабақтастығы,   мінеки, жалғасып жатқанының куәсіміз. Біз қариялар өте қуаныштымыз. Әрі қарай осы ісіміз, бастамамыз өрлей береді, әрі қарай асқақтай береді деген үміттеміз.