Атырау облысында ауыл жолдары жөнделеді

Атырау облысында биыл аудандық, облыcтық маңызы бар жолдарды жөндеуге арналған 34 жоба қолға алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Оның ішінде бұрын асфальтталмаған «Миялы-Тайсойған» және Қызылқоға ауданын Ақтөбе облысымен байланыстыратын «Миялы-Ойыл» автомагистралінің құрылысы бар. Жол жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңіне жергілікті бюджеттен 24 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, жол жөндеушілер күннің жылынуын күтіп отыр. Бекітілген жобалардың 22-сі Атырау қаласында жүзеге асады.

Нұралы Әбишан, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілі:

- Оның ішінде қаламыздың Сәтбаев, Азаттық, Махамбет секілді ірі көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүреді. Жалпы облыстық маңызы бар жолдарға тоқталар болсақ, биыл Атырау-Индер, Миялы-Сағыз автокөлік жолдарын және Мақат, Индербор, Махамбет, Аққыстау, Құрманғазы ауылдарының кірме жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталады.