Көшпелі мәдениетті жаңғыртқан «Наурыз-керуен». LIVE

Жетісу облысының аумағымен кезінде Ұлы жібек жолы өткені белгілі.

Әз-Наурыз мерекесінде  сол керуен жаңғыртылып, «Наурыз-керуені» ұйымдастырылды. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Нұр жауып тұрғанына қарамастан наурыз керуеніне бес жүзден аса адам қатысып жатыр. Олар көпшпелі өркениетімізді кеңінен әрі жан-жақты көрсетуге тырысқан. Мәселен мына жерден аса таяғын ұстаған абыздарды, ақ кимешекті әжелерді, бес қаруын сайлаған батырларды, сәйгүлігін жаратқан атбегілерді, қыран баптаған құсбегілерді, тұлпарын ойнақтатқан көкпаршыларды да көруге болады. Елін ән мен жырға бөлеп сал серілер де келе жатыр. Құлақ түрейік.

Әннен бөлек атқа жегілген күйме, қомдалған түйе де бар. Осының барлығы тұтас көшпенділер өмірін көз алдымызға әкеліп, өткен ғасырларға сапар шектіреді.

Расында да көпшіліктің қызығушылығы жоғары. Керуен көшін телефонына таспалап, әлеуметтік желіге жариялап жатқан жастар көп. Жетісу облысында Наурыз мерекесі Амал күнінен бері тойланып келеді.

Абыздың ақ батасымен көкбайрағымыз ілінген ту тұғырдың астынан басталған көш қозғалды. Орталық алаңға барып концерттік бағдарламаға ұласады.