«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені жаңғыртылады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Байқоңырда Ресей Федерациясы Үкімет төрағасының орынбасары Денис Мантуровпен кездесті.

Тараптар «Бәйтерек» бірлескен ғарыш-зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыруға ерекше назар аударды. Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен жасалған келісім-шарттарға сәйкес бірлескен іс-қимылдар тәртібі келісілді.  Бұл жобада қазақстандық тарап жерүсті инфрақұрылымын құруға және «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін жаңғыртуға жауапты. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Байқоңыр қаласының даму перспективалары талқыланды. Атап айтқанда Қазақстан азаматтарына Байқоңыр қаласына кіріп-шығу рұқсат құжаттарын электронды рәсімдеу мәселесі көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени әлеуетін тиімді пайдалану және дамыту тұрғысында өзара іс-қимыл жасауға келісті.