Көкбастаудағы думанды той мен дүбірлі бәйге

Ұлыстың Ұлы күні Алматы облысы, Жамбыл ауданында думанды той, дүбірлі бәйге өтті.

Майтөбе тауының етегінде 60 қазақ үй тігіліп, берекелі дастархан жайылып, ұлттық салт-дәстүр көрсетілді. Күн мен түн теңелген ұлық мерекені халық ерекше ықыласпен, қуанышпен қарсы алды.

Майтөбе – көкжайлаудың төресі. Ұлыстың ұлы күнін табиғаты әсем мекенде қарсы алу жылдағы игі дәстүрге айналып келеді. Мерекеге алыс жақынна он мыңға жуық адам келіп, Наурыз мерекесін бірге атап өтті. Думанды қауымды Жамбыл ауданының басшылығы құттықтап, әз-Наурызда әр шаңыраққа ынтымақ пен береке тіледі. Еңбегі елеулі жандарға ауданның құрметі азаматы атағы берілді. «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлық ансамбілінің өнерпаздары театрландырылған көрініс қойды. Өнерпаздар ән шырқап, күй күмбірледі.

Әнел Бақтиярқызы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

- Бүгін ауданымза керемет наурыз тойы тойланып жатыр. Өте жоғары деңгейде. Біз де соған өз үлесімізді қосқалы отырмыз. Барлығын наурыз мерекесімен шын жырыктен құттықтаймын. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, Ақ мол болсын.

1988 елімізде қайта жаңғырған Наурыз мейрамы ең алғаш осы Жамбыл ауданында тойланған еді. Содан бері әр ауылда ақшаңқан қазақы үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылады. Қонақжай қауым  қонақтарды қарсы алып, ақ мол болсын деген ниетпен наурыз көжені молынан пісірді.

Бағдат Ешеев, Талап ауылдық округінің әкімі:

- Жамбыл ауданымызда 24 округ бар. Сол 24 округіміздің әрқайсымыз қазақ үйімізді алып келіп, наурыз көжемізді пісіріп, осындай үлкен дайындық.и Халқымыздың арқасында осындай жағдай жүріп жатыр.

Тойдың ең қызық сәті бәйге. Бәйге десе қай қазақтың да делебесі қозары хақ. Немерелерін ерткен қариялар жарысты  тамашалауға асықты.

Алмас Садуақас, тілші:

- Көкбастау атшабары 1998 жылы Қарасай батырдың 400 жылдық мерейтойна орай ашылған. Содан бері  бәйгетөрде мыңдаған сәйгүлік дүбірлі додаларға қатысты.

Ат жарыс 7 шақырымыдық құнан бәйгеден басталды. Ауыздығымен алысқан 17 арғымақтар арасынан Арыстан Күдебаевтың «Бұлақ» атты торысы бірінші келді. Бәйгеде жүлделі болғандар ел чемпионатына қатысады.

Есей Жеңісұлы, спорт шолушысы:

- Әр бәйгеден келген әр алғашқы бес орын иеленген ат күзде Астанада қаласында бесінші қазанда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Яғни, тоғыз кезеңі болады. Тоғыз кезеңнен 45 ат әр бәйге түрі бойынша жолдама алады.

Ал аламан бәйгеде 27 ат бақ пен бап сынады. Мәреге Абай облысының «Қалқаман» атты тұлпары дара келіп, бас жүлде 5 млн теңгені жеңіп алды.

Авторлары: А. Садуақас, С. Бейсекнов