Еліміздің бірнеше өңірінде өзендер тасуы мүмікін

Ақтөбе, Ақмола, Батыс, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жауын-шашын түсіп, күннің жылынуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп ескертеді Қазгидромет мамандары.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Қарағанды, Ұлытау облыстарында мол жауын-шашынның, еріген қар суының салдарынан елді мекендерді және жолдарды су басуы мүмкін. Қазір еліміз бойынша су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.