СҚО: Ғабит Мүсірепов ауданына құтқарушылар аттанды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданына құтқарушылар тобы аттанды.

Олар су басуы мүмкін ауылдарды бақылауға алып, тасқынның алдын алу шараларын жүргізеді. Сонымен қатар өзендердің мұзын жарып, қамыс орады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері қайық, дрон, су сору құрылғыларымен қамтылған. Қазір өңірде күн күрт жылынып, қар ери бастады. Мамандардың айтуынша, әзірге елді мекендерге су кіре қойған жоқ. Жалпы өңірде  87 ауылды су басу қаупі бар. Осыған байланысты жедел әрекет ету штабы құрылып, бақылау күшейтілді.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ғабит Мүсірепов ауданында 12 ауылды су басуы мүмкін. Оларға қазір еріген қар суы мен өзендер қауіп төндіріп тұр. Жалпы төтенше жағдайлар департаментінде 9 құтқару тобы құрылған. Олар Айыртау және Тимирязев аудандарына жіберіледі.