Қазақстан жемқорлыққа қарсы күресте ЭЫДҰ стандарттарын енгізеді

Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаһандық форумы өтіп жатыр.

Жыл сайын оған әлемнің 90 елінен жетекші мамандар қатысады. Биыл олардың арасында қазақстандық делегация да бар. Форум алаңында сарапшылар ұйым хатшылығы өкілдерімен кездесіп, жемқорлықпен күрес саласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарын бекіту мәселелерін талқылады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Стамбул іс-әрекет жоспары мониторингінің төрт кезеңінен сәтті өтіп, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары ұсынымдарының басым бөлігін орындады. Осылайша шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылуға бір қадам жақындады.

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Іс-шарада өзара іс-қимыл және құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, ОЭСР стандарттарын сақтау, және бюджеттің ашықтығы туралы мәселелер талқыланды. Осы форумның аясында біз агенттіктің қызметі және елдегі жемқорлыққа іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.