Көкшетауда аулаларды су басып жатыр

Көкшетаудың ортасымен ағып өтетін Қылшақты өзені тасып жатыр. Өзеннің сағасына мұз кептеліп, су арнасынан асқан. 

Жағаға жақын орналасқан жер үйлерді де су басты. Тұрғындар баспанасына кіре алмай жүр. Сондай-ақ, теміржол маңындағы көпқабатты тұрғын үйлердің де ауласына су кірді. Қазір төтенше жағдай қызметі өзендегі мұзды тазалап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Есенгелді Қайырбеков, қала тұрғыны:

- Таңертен сағат алты жарымда бәрі сап-сау болған. Жұмысқа жеткенде қызым хабарласады үйге су кірді деп. Міне осындай жағдай болып жатыр. 20 жылдан асты ондай ешқашан болған жоқ еді.

Дәулет Жүнісов, қала әкімі:

- Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылды. Тек теміржол вокзалы маңында екі жер үйге су кіріп, онға жуық көпқабатты үйлердін ауласын су басты. Қазір су сору жұмыстарымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың шығын көлемі де есептеліп жатыр.