Қарағандыда RoboLand 2024 фестивалі өтіп жатыр

Қарағандыда IX халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтіп жатыр.

«RoboLand 2024» сайысына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресейден барлығы 300 команда қатысты. Ауқымды шарада мамандар жас дарындарды анықтап, олардың ғылыми-техникалық жетістігімен танысады.

IT лицейінің 11-і сынып оқушысы оқышусы Ілияс Шамаран 3 жылдан бері робототехника үйірмесіне қатысып жүр. Түрлі робот құрастырып, бағдарламалауды меңгеріп алған. Фестивальға бірнеше туындысын әкеліпті.  Олар Қазақстан картасы іспетті жасалған мына алаңқайда барлық өңірді аралап, түрлі кедергілерден мүдірмей өтіп, көмір тиеу, зымыран үшыру сынды тапсырмаларды орындауы керек.

Ілияс Шамаран, Қарағанды IТ лицейінің оқушысы:

- Менің қолымда қазір екі миссияға арналған екі робот. Мынау бізде көпірден жүретін робот. Бұны екі күн жасадым. Ал мынау линиямен жүретін робот. Бұл екі конструкцияны толық бітірген жоқпын. Екі күндей уақыт кетті.

Қатысушылар екі күнде 15 түрлі сайыс бойынша бағын сынайды. Роботтар футбол ойнап, кедергілерден өтіп, тапсырмалдарды орындайды. Кейбірі тіпті төрешілердің көз алдында құрастырылады.

Фестиваль барысында түрлі қызықты жобаларды қамтыған инновациялық технологиялар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Мысалы жұрт назарын аударған мына робот кәдімгі 3D принтерінің көмегімен құйылып, оған Python бағдарламалау тілі жүктелген. Арнайы кілтті сөздерді енгізу арқылы жасанды денеге жан бітірген. 

Илья Синенко, қатысушы:

- Біз қарапайым шеберханада осындай күрделі дүниені жасауға болытынын дәлелдегіміз келді. Мына роботты принтерде басып шығаруға 2 ай уақыт кетті. 20 кг пластик жұмсалды. Сымтетіктерін тартып, бағдарлама енгіздік. Ол үшін қазір кеңінен қолданылатын пайден бағдарламалау тілін меңгердік. Оны балалар да, ересектер де тез үйреніп алады.

RoboLand еліміздегі балалар арасында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша өтетін ең ауқымды шара. Алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, оған Ресей, Польша, Италия, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузиядан қонақтар келген болатын. Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан фестивальға биыл 300 команда қатысып жатыр.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар