«Самар-Шымкент» автожолы бағытындағы көпір қалпына келтірілді

«ҚазАвтоЖол» мамандары бір тәуліктің ішінде «Самар-Шымкент» автожолы бағытындағы көпірді қалпына келтірді.

Осыдан бірер күн бұрын халықаралық маңызы бар тасжолжың 1132-ші шақырымындағы көпірді су алып, қозғалыс уақытша шектелген еді. Қалпына келтіру жұмыстары 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді. Бұл жұмысқа 65 жүк көлігі мен қосымша техника жұмылдырылды. Қазір көлік құралдарының қозғалысын ретке келтіру шаралары жасалып жатыр.