Абай облысында бір адам жоғалып кетті

Абай облысында тағы бір тұрғын жоғалып кетті. 2001 жылы туған ер адам Үржар ауданы аумағындағы Ай өзеніне ағып кеткен.

Құтқарушылар оны іздеуге кірісті. Ал Аягөз ауданында суға кеткен үш адам әлі табылған жоқ. Аймақта қарғын сумен күрес жалғасып жатыр. Кеше Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында 15 ауланы су алып, 106 адам көшірілген. Бүгін бәрі үйіне оралды. Өңірде тасқын қаупі әлі сейілмей тұр. Осыған байланысты Алматы мен Жетісу облыстарынан құтқарушылар көмекке келді.

Азамат Орынбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда 14 адам, 3 бірлік техника Көкпектіде жұмыс жасауда. Қалған  құтқарушы жасақтар ол  іздестіру жұмысына тартылды. Төрт қайық, үш бірлік техникасы бар және де 12 адам ол жерде Аягөзде де көмек жасап жатыр. Абай облысының полиция департаментіне қарасты екі кинологиялық расчетті қолданып жатыр. Ол мынау жағалауларды аралап, иттерді қолданып, және де қосымша әскер.