Қошқар ата өзені қан қызыл түске боялды

Шымкентте бұлақ көзінен бастау алатын Қошқар ата өзені қан қызыл түске боялды, деп хабарлайды 24KZ.

Өзеннің өзгергенін байқаған тұрғындар әлеуметтік желіге видео жүктеді. Олардың ойынша, өзенге зиянды қалдық  төгілген болуы мүмкін. Экологтар судан сынама алып, сапасын тексеріп жатыр. Зертханалық талдау қорытындысы алдағы күндері белгілі болады, –дейді. Полиция аталған дерек бойынша кінәлілерді іздестіріп жатыр. Табиғат жанашырлары «Бадам», «Қара су», «Қошқар ата» өзеніне құятын барлық арнаға суды сүзгіден өткізетін құрылғы қою туралы бастама көтеріп жүр.  Жергілікті билік өкілдері бұл мәселе 2025 жылға қарай шешімін табатынын айтады. 

Ермахан Қозыбаев, қалалық Экология департаментінің басшысы:

- Алдын ала болжам бойынша қазіргі уақытта «Аммоний құрамдарының» өсуі болып тұр. Қан ба, бояу ма – әлі анықталған жоқ. Оны әлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, полиция жұмылдырылған. Кез келген өзенге түсетін жаңбыр, қар суларына тазалау қондырғылары қойылуы керек. Әкімшіліктің өздеріне алған міндеттемесі бар.