Алматылықтар БҚО-ға 10 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жібере бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін азық-түлік, тұрмыстық әрі гигиеналық заттар мен киім-кешек тиелген 10 тонна жүк Батыс Қазақстан облысына жөнелтілді. Жәрдем қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысып жатыр. Игі іске еріктілер белсенді қатысып жатыр. Алдағы уақытта басқа өңірлерге де осындай қолдау шаралары жасалады. Жалпы қалада 8 гуманитарлық көмек жинау пункті ашылған.

Әзиз Оралбекұлы, қалалық жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары:

- Бізде волонтерлер фронт-офисі бар. Сол офис мүшелері, волонтерлер, 5 адам бірге осы гуманитарлық көмекті алып барып, сол керек жерге дейін жеткізетін болады.