Абай облысында қарғын сумен күрес жалғасып жатыр

Абай облысының Көкпекті ауданында тасқын қаупі әлі сейілмей тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Қазір құтқарушылар Шұғылбай ауылында жұмыс істеп жатыр. Қарғын судың бетін қайтаруға 60-қа жуық адам, 7 техника, 10 мотопомпа жұмылдырылған. Бұл елді мекенге еріген қар суы даладан келіп жатыр. Бірнеше күн бұрын осы аудандағы Тассай ауылына баратын көпірді су шайған. Қазір елді мекенге азық-түлік қайықпен жеткізіліп жатыр.

Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті ауданының әкімі:

- Біз қазір қайық ұйымдастырып қойғанбыз. Қайықпен өтіп жатыр. Күнделікті керек дүниесінің бәрін біз 2-3 күннің ішінде қайық арқылы өткізіп бара жатырмыз. Қазір өзім Тассай ауылына бара жатырмын. Тассай ауылында жағдай қалыпты. Халық өз жұмысын істеп жатыр. Мектепте балалар сабағын оқып жатыр.