Ақтөбе облысында ветеринарлар салғырттыққа жол берген

Ақтөбе облысында мал басы туралы нақты мәлімет жоқ.

Ветеринарлар аса қауіпті аурулар өршіген аумақтарда шектеу шараларын уақытылы енгізбеген. Бұл жұқпалы ауруларға қарсы жұмыстардың сапасын жоққа шығарып отыр. Сала мамандарының салғырттығын қала прокурорлары анықтады. Қадағалау нәтижесінде тиісінше жұмыс жасамау фактілері тіркеліп, инспекцияның кінәлі лауазымды тұлғалары, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.