Алматыдағы ботаникалық бақта Регель қызғалдағы гүлдеді

Ол тек Қазақстан аумағында өседі.

Шу-Іле тауларының тасты және жартасты беткейлерінде кездесетін гүлдің пиязшығы ботаникалық баққа он жыл бұрын әкелінген. Ақ түсті, түбі сары гүлдің сабағы өте қысқа келеді. Сонымен қатар Регель қызғалдағы көптеген параллель сызықтары бар жалғыз жапырағымен  ерекшеленеді. «Альпинарий» коллекциялық аймағында бұдан өзге Кауфман, Шренка қызғалдақтары гүлдеп тұр. Ал мамыр айында мұнда келіп Леммерс, Грейг өсімдіктерінің жайқалғанын көруге болады. 

Жұлдыз Изаттулла, сәндік өсімдіктерді жерсіндіру зертханасының аға лаборанты:

- Регель қызғалдағы Қазақстанның қызыл кітабына енген. Негізінен таулы аймақтарда тасты жерлерде өседі. Яғни тастың арасынан жарып шығады бұл қызғалдақ. Өсімдіктердің экологиялық жағдайына байланысты жағдай жасалынған. Регель қызғалдарығына құм-тас араластырылып, тастар қойылды. Солардың арасына отырғызылған.