Құлсарыдан 2 мың адам құтқарылды

Құлсары қаласынан Атырауға 2000 адам эвакуацияланды.

Жергілікті тұрғындарды көшіруге жолаушылар пойызы тартылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Құлсары қаласында 600-дей тұрғын үй су астында қалды. Жем өзенінің су өткізу көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағалауды нығайтуға инертті материалдар салынған қаптар қойылды.

Динара Нұрғалиева, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Құлсарыдағы авариялық-құтқару жұмыстарына 745 адам және 280 техника жұмылдырылды. 4 мыңнан астам ерікті мен жергілікті тұрғын тартылды. Атырау қаласынан Құлсарыға қосымша күштер мен құралдар жіберілді. өңірдегі жағдай су тасқыны салдарын жою бойынша республикалық штабтың бақылауында.