Елордада «Дарынды мың бала» форумы өтті

Елордада «Дарынды мың бала» республикалық форумы өтті.

Оған елдің түкпір-түкпірінен келген білімді де шығармашыл оқушылар қатысты. Форум аясында республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды. Ол осыдан үш ай бұрын ұйымдастырылған. Додаға қатысқан мың бала тәуелсіздік, туған жер және болашақ мамандықтары жайлы эссе жазды. Үздік жүзі бүгін бас қалада бас қосып, сый-құрметке бөленді. Ресми шарадан кейін жеңімпаздар Астананың көрікті жерлерін аралады.

Саят Нәбиев, «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ҒЗО басшысының орынбасары

- Оқушылардың негізгі жазған тақырыптары тәуелсіздікке арналады. Өздерінің ауылы, сол ауылдан шыққан белгілі тұлғалар, еліміздің егемендігіне ат салысқан тұлғалар жайында жазған эсселері өздігімен ерекшеленді. Бұған ЖОО қазылар құрамын жасақтадық. Сол ғалымдар 1000-ға жуық эссенің ішінен 100 эссені іріктеп, ол оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталады.