Ақтөбе облысы 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді. LIVE

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен Қобда ауданына гуманитарлық көмек тұрақты келіп жатыр.

Азық-түлік, киім-кешек эвакуациялық пункттерде орналасқан адамдарға үлестірілді. Аудан орталығындағы екі бірдей орында 72 адам жатыр. Соның бірінде әрптесім Әнуарбек Мырзатайұлы жүр.

Ақтөбе облысы 72 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

- Біз қазір Қобда ауданының орталығындағы ауруханаға қарасты ғимаратта тұрмыз. Мұнда қазір 34 адам жатыр. Оның 6-ы – бала. Әйел адамдарды балаларымен бірге бөлек, ал ер адамдар бөлек орналастырырлған. Мәселен, мына бөлмеде балалы ана жатса, ал мына қарсы бөлмеде зейнет жасындағы кісілер бар. Ал ер адамдардың көбі мұнда кешкісін келеді. Себебі қазір Қобда ауылынан су қайтқан соң, үйлерін қарап, іші-сыртын кептіріп, өзге де жұмыстар атқаруға кеткен. Ал мына бөлмеде де әйелдер, қазір мұнда еріктілер келіп, эвакуацияланғандардың жағдайын біліп жатыр.

Айта кетейік су тасқыны басталғалы бері еріктілердің атқарып жатқан жұмысы көп. Ауылға келіп жатқан гуманитарлық көмекті қабылдап, мұқтаждарға жеткізуді міндетіне алған. Үй-жайларды тіктеуге де атсалысып жатқандары бар. Ал ауданда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Іргедегі үлкен Қобда өзенінің тасуынан аудан бойынша 290 үйге су кіріп, 6 ауылдан 1149 адам экакуацияланған. Оның ішінде әскерилердің көмегімен де шығарылғандары бар. Алғашқыда төрт пукт жасақталса, қазір екеуі қалған. Ал қазір арнайы комиссия келтірілген шығын көлемін анықтауға кіріскен.