Елде құтқару жұмыстарына 12 445 адам жұмылдырылған

Елде су тасқыны басталғалы 72 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Апаттық-құтқару жұмыстарына 12 445 адам, 1 300-ге тарта техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды. Төтенше жағдай және Қорғаныс министрліктері, Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 686 жеке тұрғын үй, 557 аула мен 2 мыңға жуық саяжай үйлері су астында қалды.

Қахарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала  орналасты. 7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.