Атырау облысындағы Тұрғызба ауылының 450 тұрғыны көшірілді

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылында эвакуациялық шара басталып, 450 тұрғын Маңғыстау облысына көшірілді.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады. Аудан әкімі Жұмабек Қаражанов ауыл халқымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Алдымен әйелдер, балалар, зейнеткерлер және мүкіндігі шектеулі адамдар көшіріле бастады. Оларды эвакуациялау үшін теміржол вагондары мен автокөлік бөлінді. Ақтау қаласы мен аудандарда орналастыру пунктері қарастырылған. Тұрғызба ауылында 3,5 мыңнан астам адам тұрады.