Сергеев су қоймасы 182%-ке толып тұр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы 182%-ке толып тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Аймақ әкімінің орынбасары осылай деп мәлімдеді. Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, қазір өңірдегі 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупі бар. Бүгінде облыстағы су тасқынына қарсы шараларға Төтенше жағдайлар министрлігінің 170-тен астам маманы келіп, болысып жатыр. Сондай-ақ онда 27 арнайы техника, 10 жүзу құралы және 48 мотопомпа жіберілген.

Қанат Дүзелбаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Аймақтағы ахуал үнемі бақылауда. 219 елді мекенді су басу қаупі сейілмей тұр. Бүгінге дейін 280 адам эвакуацияланды. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан 177 маман мен бірқатар техника бізге жіберілді. Қолданыстағы құтқару құралдарын аудандарға жұмылдырдық.