Зардап шеккендерге қандай баспана салынады?

Зардап шеккендерге қандай баспана салынады?

Жаңадан үй салынады. Құны 22 млн теңге болатын 80 шаршы метрлік тұрғын үй және жалпы құны 44 млн теңге болатын 160 шаршы метрлік екі пәтерлі үй салу жоспарланған.

Бүгінгі күні Ойыл ауданының тұрғындарына арналған үйлер салынатын жер учаскелері анықталды.

Атап айтқанда, Ойыл ауылында инженерлік инфрақұрылымы бар, су мен газы қамтылған 200-ден астам учаске белгіленген.

Ақтөбе облысы құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, Жаңа құрылыс ауданында 1500 орындық мектеп пен балабақша салу да жоспарда тұр.

Айта кету керек, 340 үйді су басып, 49 үй су астында қалған болатын.