С. Жұманғарин тұрғындар өтінішін тыңдады

Ойыл өзеніндегі көпір қирады.

Тасқын суға шыдас бермеген өткелді қалпына келтіру жұмыстары тез арада жүргізілмек. Ақтөбе облысына барған вице-премьер Серік Жұманғарин "ҚазЖол" ғылыми зерттеу институты мамандарымен кеңесті. Бұдан соң, Саралжын ауылдық округіндегі Шикұдық ауылының тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.