Заречный кентінде шұғыл эвакуациялау басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Заречный кентінің тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріледі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 239 тұрғынды эвакуациялау жұмыстарын шұғыл бастауды тапсырды. Қала әкімі үлкен судың кентке үш күнде жететінін хабарлады. Ал нығайтылған бөгет судың бірінші ағынын ғана ұстай алады. Қазірдің өзінде саяжай аумағындағы 200 үйдің 132-не қауіп төніп тұр.