Елордада 9 пункт гуманитарлық көмек жинайды

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге Астанадан 550 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды 24KZ.

Онда азық-түлік, жылытқыштар, қайықтар, генераторлар, күректер, 400 мың қап, бұдан бөлек, балалар заттары, гигиена құралдары мен төсек-орын жабдықтары бар. Көмек жүк көліктерімен және әуе кемелерімен жеткізіледі. Жылу жинауға 30 волонтерлік ұйым жұмылдырылды. Онда 600-ден астам адам буып-түюмен айналысады.

Айта кетейік, елордада гуманитарлық көмек жинайтын 9 пункт жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, Павлодар облысының еріктілері Қостанай және Ақмола өңіріне 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап жөнелтті.