Алматыда VІІ Халықаралық журналистика форумы өтті

Жасанды интеллект жаһандық ақпарат алмасу кеңістігінде кеңінен қолданылып келеді.

Оның көмегіне әлемдік агенттіктері де жүгінеді. «Алайда оған нақты дереккөз ретінде қарауға болмайды. Тек мәлімет жинауда, ақпарат жазуда жәрдемші құрал ғана», – дейді VІІ Халықаралық журналистика форумында сөз алған сарапшылар. Форум «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллектінің генерациясы» тақырыбын талқылап, зерделеуге арналды. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің  медиа саласында еңбек ететін  мамандар қатысты. Жасанды интеллектінің журналистикаға енуі – заңды құбылыс. Ол ауқымды ақпаратты өңдеуді, алдын ала болжам жасауды жеңілдетеді. Дегенмен нақты ақпарат беруде журналист өз түйсігіне жүгінуі керек», – дейді мамандар. Ал еліміздің медиа нарығында жасанды зерде 3 жыл бұрын қолданыла бастады.

Гүлмира Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі:

- Технология барынша дамығанымен, ол адамның орнын баса алмайды. Не болмаса ол адамның кейбір қызметін жақсартса да. Алдағы уақытта қандай қатерлер бар? Ол – ақпараттық қауіпсіздік жағынан қатер. Бұл – коммерциялық құпиялар қатері. Сондай-ақ жеке, дербес мәлімет қатерлері. Қаржылық саладағы. Сонымен журналистикадағы контентті ұрлап, көшіру, өңдеу мәселесі. Сондықтан да әлем алаңдауда.