Халықтың мүлкін қалтқысыз күзеткендер

Ақтөбелік полицейлер су басқан аумақтарды бақылауда ұстап отыр.

Елек және Қарғалы өздерінің бойындағы бау-бақша ұжымдарында патруль жасақтары күні-түні кезекшілікте жүр. Қосымша дронмен әуеден бақылайды. Егер тасқыннан қауіп төнсе, тұрғындарды тез эвакуациялауға көмектеседі. Үйінен кетуге мәжбүр болғандардың үйі мен мүлкін күзетеді. Аймақта су тасқыны басталғалы 300-ден астам полицей мен Ұлттық ұланның 400 сарбазы қызмет етіп жүр.

Ардана Саймағамбетов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда біздің балансымыздағы 3 квадрацикл адамдар жүре алмайтын жерде жүр. Одан бөлек дрондармен жоғарыдан қараймыз. Яғни, біз мына су басқан аймақтарды қоршауға аламыз да, сол жерден КПП дейміз ғой, өткізу пунктін ұйымдастырамыз және де сол жерлерде басқа адамдардың жүрмеуін қадағалаймыз.